Түркістан облысында жағдай тұрақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында жағдай тұрақты

07.01.2022

Түркістан облысында жағдай тұрақты. Алайда соған қарамастан өңірде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Облыстың кіре беріс қақпалары мен аудандардағы негізгі жолдарға блок-посттар қойылды.

Айнұр Ақбаева, тілші:

Қазір облыс аумағында Қызылорда, Жамбыл облыстарымен Шымкент қаласына баратын жолдарға блок-бекеттер қойылған. Ондағы әр көлік тоқтатылып, жүргізушілер мен жолаушылардың құжаттары мұқият тексеріліп жатыр. Төтенше жағдай кезіндегі барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынып, 2700-ден аса полиция қызметкері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Коменданттық сағат кезінде тұрғындардың жүріп-тұруына шектеу қойылған. Облыстық комендатура басшылығының мәліметінше, аймақта қоғамдық тәртіпті бұзу деректері тіркелген. Қазір бұл заң бұзушылықтарға қатысты тексеру жүргізілуде. Халықтың қауіпсіздігі мен елдің амандығы үшін, бұқаралық жиындар мен спорттық-мәдени іс-шаралар өткізуге де тыйым салынды.


Хабарламаларға жазылу