Қарағанды облысында қазір жағдай тұрақты, күштік құрылымдар қоғамдық тәртіпті бақылауға алған. Тәртіп бұзғандар болған жоқ. Бұған дейін өз алаңдаушылықтарын білдіріп, талаптарын қойған кәсіпорын жұмысшылары қазір толық өз жұмыстарына кіріскен. Аймақта 6-шы қаңтардан комменданттық сағат енгізіліп, Қарағанды маңында 8 блокбекет қойылды. Облыс орталығында түні бойы 50 экипаж қоғамдық тыныштықты күзетеді. Қазір жанар май құю бекеттерінде газ бағасы 70 теңгеден, ал бензин 181-182 теңгеден сатылып жатыр. Сондай-ақ, қаладағы барлық сауда орындары , базарлар, қоғамдық қызмет көрсету орындарпы штаттық режимде жұмыс істеуде. Банкоматтар қасында кезек бар.