Бүгін православ христиандары үшін Рождество мерекесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы дінді ұстанатын отандастарымызды мерекемен құттықтады.
«Православ христиандары қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтауға, өзара түсіністік пен татулық орнатуға үлес қосып келеді. Дін, дәстүр және мәдениет саласындағы әралуандық мемлекеттілігіміздің берік негізіне айналды»- деп жазды.
Шіркеу қызметкерлері де қазіргі ахуалға байланысты елді бірлік пен ауызбіршілікке шақырып отыр.
Архимандрит Серий, қалалық шіркеу қызметкері:
Шын жүректен барлық қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтаймын. Тап осы мерекеде біз елшімізде бейбітшілік пен тұрақтылық болып, қантөгіс пен қылмыс тиылсын деп тілейміз.