Энергетика министрлігі: Барлық мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетика министрлігі: Барлық мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр

07.01.2022

Еліміздегі барлық мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай тұрақты. Энергетика министрлігі осылай деп хабарлады. Бүгінгі таңда бензин және дизель отыны бойынша қалдықтар жиырма күндік қажеттілік үшін жеткілікті. Аймақтарда да жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ету ойдағыдай.

Мағзұм Мырзағалиев, Энергетика министрі:
Ағымдағы жылдың 6-қаңтарындағы еліміздегі электр энергиясының максималды тұтыну он үш мың алшты жүз тоқсан бір МВт, ал генерация – он үш мың сегіз жүз жиырма тоғыз МВт құрады. Осылайша, барлық қажеттілік толық өз күшімізбен қамтамасыз етілуде.+ 00:04:05:06 ҚазАтомПром құрылымдық бөлімшелері штаттық режимде жұмыс істейді. Онда технологиялық процесс бұзылмаған. Жалпы, Энергетика министрлігі тиісті ұйымдармен бірлесіп, ағымдағы жылыту маусымын қатаң қадағалап, тұрақты бақылауі жүргізуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ел ішінде мұнай өнімдері мен дизель отыны белгіленген шекті бағаларға сәйкес саудаланып жатыр. Егер жанармай құю станцияларында бензин, дизель, сұйытылған газ бекітілген бағадан қымбат сатылса, онда монополияға қарсы агенттік тиісті тексерістер жүргізеді. Бағаны негізсіз өсіру мәселесі бойынша жауапқа тартылады. Шағын және орта бизнестің шығындарын қалпына келтіру үшін олар өндірушілермен төмендетілген бағалар бойынша келісімшарттарды қайта жасайтын болады. Егер қиындықтар туындаса, не сұрақтар болса, экранда көрсетілген нөмір арқылы министрлікпен байланысуға болады.



Хабарламаларға жазылу