«Ұлт мерекесі қазақта біреу-ақ, ол – Наурыз мейрамы» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлт мерекесі қазақта біреу-ақ, ол – Наурыз мейрамы»

20.03.2014
«Ұлт мерекесі қазақта біреу-ақ, ол – Наурыз мейрамы»
Көне тарихта «Наурыз – көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі» деп жазылады. Этнограф Ақеділ Тойшанұлы: «Сақ заманында сақ патшасы әр тайпадан бір-бір жебені ортаға тастатып, тайпасын санаған. Сонда жебелер тау болып үйіліп қалған деседі. Оны ерітіп, үлкен шойын қазан құйғызған екен. Сол қазан бүкіл әлемдегі ең үлкен қазан болған. Ал сақтар наурыз кезінде сол  қазанға көже қайнатып, дәм тататын болған. Бұл – сақ елінің әскери күш-қуатының, береке-ырыздығының, ұлттық тұтастығының нышанына айналған»,-дейді.
 
Абай Құнанбайұлы «Наурыздың 1-і күні жазғытұрым  мейрам болып, Наурызнама қыламыз. Сол күнді Ұлыстың ұлы күні дейді екен», десе, көне мейрам турасында Ахмет Байтұрсынұлы: «Наурыз – қазақша жыл басы. Біздің – Жаңа жылымыз. Наурыз – наурыз айының басында болсын, ортасында болсын әйтеуір мартта келетін болса, шын мағынамен Жаңа жыл айтуға лайық», дейді.
 
Филология ғылымдарының докторы Айгүл Ісімақ: «Міржақып Дулатұлы былай дейді: «Адамзаттың мерекесі көп. Оның ішінде дін мерекесі, мемлекет мерекесі, ұлт мерекесі бар. Дін мерекесі – Ораза айт, Құрбан айт, мемлекет мерекесі – Конституция күні, Отанның күні, ал ұлт мерекесі қазақта біреу-ақ, ол – Наурыз мейрамы», дейді».
 
Алаш қайраткерлерінің Наурыз мейрамына қатысты пікірлерін «Таңшолпанның» арнайы сюжетінен көріңіз.

Хабарламаларға жазылу