Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 200-ге жуық адам зардап шекті. Оның 137-сі полиция қызметкері. Қалған 57 адам шаһар тұрғындары. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 40 адам ауруханаға жатқызылған, жеті науқас жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.