Еліміз бойынша қоғамдық тәртіпті бұзған 200 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша қоғамдық тәртіпті бұзған 200 адам ұсталды

05.01.2022

Еліміз бойынша кешелі бері қоғамдық тәртіпті бұзған 200 адам ұсталды. Бұл жайында ішкі істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Қолға түскендер арандатушыларға еріп, тұрғындарға қауіп төндіретін әрекеттер жасаған. Кейбіреулері топтасып жолды жауып, көлік қозғалысына кедергі келтірген. Сондай-ақ, әкімдіктерге шабуыл жасап, әйнектері мен есіктерін сындырды. Ескертуді елемегендерді тоқтатпақ болғанда ішкі істер органдарының 95 қызметкері жарақат алған. 37 қызметтік автокөлік бүлінген. Қазір мемлекеттік органдардың ғимаратына шабуыл жасаудың 13 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Хабарламаларға жазылу