Көрші елдердегі газ бағасының көрсеткіші қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көрші елдердегі газ бағасының көрсеткіші қандай?

04.01.2022

Әлем бойынша сұйытылған газ бағасының жаңа шкаласы жарияланды. Онда ТМД елдері арасындағы ең арзан газ Қазақстанда деп көрсетілген.

«Global Petrol Prices» мәліметтері бойынша Әзербайжанда сұйытылған газ литрі 166 теңге, Ресейде – 182, Қырғызстанда – 203, Беларусьте – 212, Грузияда – 275, Украинада – 303 теңге. Яғни ТМД елдеріндегі газ бағасында біршама айырмашылық бары байқалады.


Хабарламаларға жазылу