30.12.1991 жыл: Ұлтқа тірек ұлы көш - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

30.12.1991 жыл: Ұлтқа тірек ұлы көш

30.12.2021

1991 жыл. 30 желтоқсан. Қазақ елі тәуелсіздігін жария еткеніне 14 күн болды. Жаңа жыл қарсаңында Президент Нұрсұлтан Назарбаев шетелдердегі қазақ диаспорасының өкілдеріне радио арқылы сөз сөйледі. Осылайша шетелдегі қандастарымыздың тарихи Отанына ұлы көші басталды.

Шетелдегі қазақтарды елге көшіру туралы Үкімет қаулысы қарашада шыққан болатын. Тарих беттеріне сәл ілгері үңілер болсақ, 1992 жылы күзде Алматыда Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайы өтті.

Мырзатай Жолдасбеков, 1991-1993 жж. ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

«Елінен амалсыз безген, елін тастап кеткен, соған мәжбүр болған қазақ өзінің туған жеріне қайтып келгенде самалеттен түсе қалып, табанның асты, оны кім басты шаруа жоқ, қара асфальтті сүйді. Бәріміз жыладық. «Елім-ай» зарлап тұр. 

Құрылтайға Түркия, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Австрия секілді алыс-жақын 33 мемлекеттен 800-ден астам өкіл қатысқан болатын. Осылайша, Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, жат жердегі қандастарымыздың атамекенге ұлы көші басталды.

Тимурхан Қошымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің бас сарапшысы:

«Тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі таңға дейін елімізге бүкіл дүниежүзінен 1 млн 86 мыңнан астам этникалық қазақтар, яғни қандастарымыз елге оралды. Ал осы жылдың басынан бастап 16 мыңға жуық этникалық қазақтар елге оралды».

Мәтін графикамен жабылады/ 30 жылда елге оралған қандастарымыздың жартысынан көбі, яғни 544 мыңға жуық адам Өзбекстаннан көшіп келген. 32,7 пайызы көрші Қытайдан оралды. Олардың саны 355 мыңнан асып жығылады. Түркіменстаннан 75 мыңға жуық қандастарымыз көшіп келді. 56 мыңға жуық азамат Моңғолиядан, 17 мың Ресейден және басқа да елдерден 39 мыңнан астам қандасымыз тарихи Отанына оралды.

Дәулетхан Әбен, Ақмола облысының тұрғыны:

«92 жылы 7-айдың 11-де бізде Сұмынтой деген болады, сол кезде «Камаз» барды, көштік. 02.34+03.27 Ол кезде Моңғолияда тұрғанбыз 03.29+00.58 Көшеміз дегенде қуандық енді. Ол кезде баламыз, 16-17-ге енді толған. Әкелеріміз қуанды енді. Тарихи Отанымызға барамыз, Отанымызға ораламыз деп. 01.11+08.16 Тарыдай шашылған қарындас-бауырарын жиып бір шаңырақтың астына Президентіміз. Ол енді екінің бірінің қолынан келмейді.

Қазіргі таңда дүниежүзінің түкпір-түпірінен келген қандастарымыз жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, медицина, білім, спорт, сауда сынды барлық дерлік салалаларда жемісті еңбек етіп, елдің дамуына сүбелі үлес қосып келеді.


Хабарламаларға жазылу