Мұнайды терең өңдейтін бірегей комбинаттың алғашқы желісі іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнайды терең өңдейтін бірегей комбинаттың алғашқы желісі іске қосылды

30.12.2021

Түркістан облысында салынған мұнай химия комбинатының алғашқы желісі іске қосылып, сұйық отын шығара бастады. Ордабасы ауданында орналасқан кәсіпорын Евро-5 стандартына сай АИ-92 және 95 маркалы бензин, дизель отыны мен мазут өндіруде. Комбинат жылына 200 мың тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылым желісі жүргізіліп, 3 шақырым жерде темір жол тартылды. Енді мұнайдан бензол, толуол және ксилол өнімдерін шығаруға дайындық жасалуда. Бірегей жобаның ерекшелігі – бұл өнімдер көмірден өндіріледі. Кәсіпорында 120 адам вахталық әдіспен еңбек етеді. Комбинатта өндірілген мұнай өнімдері әзірге ішкі нарықты қамтамасыз етуде.

Николай Логотов, комбинаттың техникалық директоры:

Өндірістік технологияның бірегейлігі комбинатта мұнайды терең өңдеудің ерекше технологиялары қолданылады. Өңдеу жүйесі кез-келген шикізатпен жұмыс істей береді. Мұнайдан және көмірден дайын өнім шығарамыз. Өнім тек ел көлеміндегі нарыққа ғана емес, ТМД елдеріне экспортталмақ.


Хабарламаларға жазылу