Астанада бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай тату-тәтті өмір сүріп жатқан 100-ден астам ұлт өкілі мен 29 этномәдени бірлестік бар. Бүгін солардың бірқатары ұлттық тағамдар жәрмеңкесін өткізді.
Іс-шараға түрлі ұлт өкілдерінің 10-нан астам этномәдени бірлестігі қатысып, тәтті тағамдардың түр-түрін көпшіліктің назарына ұсынды.
Сондай-ақ, жәрмеңкеге келген елордалық тұрғындар үшін шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Мақсат - өзге елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін насихаттау арқылы бірлігімізді одан әрі нығайта түсу.
Роза Пак, Астана қаласы «Корей этномәдени бірлестігі» жетекшісінің орынбасары:
Біз көпұлтты мемлекет болғандықтан, біз үшін мызғымас бірлік - бірінші орында. Сондықтан, бүгінгідей іс-шараларды тек мереке қарсаңында емес, жиі-жиі ұйымдастырып отыруымыз қажет. Сондай-ақ, барша қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтағым келеді.
Айдана ҮСЕНБАЙ