Жаңажылдық ерекше құттықтау: Ақмолалық құтқарушылар облыстық ауруханада жатқан балаларға тосынсый жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңажылдық ерекше құттықтау: Ақмолалық құтқарушылар облыстық ауруханада жатқан балаларға тосынсый жасады

30.12.2021

Жаңажылдық ерекше құттықтау. Ақмолалық құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен көтеріліп, облыстық ауруханада жатқан балаларды терезеден құттықтады. Құтқарушылар изгі тілектерімен қоса, балаларға түрлі тәттіге толы сыйлықтар тарту етті. Қазір медициналық мекемеде 160-ға жуық бала ем қабылдауда. Олар ешқандай мерекелік шараларға қатыса алмайды, сондықтан көңілдерін көтеру үшін осындай шешім қабылдадық дейді төтенше жағдай қызметінің мамандары. Аурухана ұжымы да балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауды ұмытпаған. Бөлімшелер безендіріліп, жаңа жылдың жақындағанын сездіріп тұр.

Айнұр Қалиева:

Өкінішке қарай, мен ауырып қалып, Жаңа жылда ауруханада жатамыз. Сондықтан Аяз ата мен Ақшақар жаңажылдық көңіл күй сыйлады. Мен де, басқа балалар да өте қуанды. Келе жатқан Жаңа жылымызда балалар ешқашан ауырмасын және де ата-аналарының қасында болсын.

Манарбек Шапағатов, Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:

Біз облыстық балалар ауруханасында өрттің алдын-алу бойынша оқу-жаттығу өткіздік. Сонымен қатар, балаларды Жаңа жылмен құттықтауды жөн көрдік. Бұл мерекеде бүлдіршіндеріміздің ерекше сыйлық күтетіні сөзсіз. Ал оны орындау, жақсы көңіл күй сыйлау, біздің, ересектердің міндеті деп білеміз.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу