Сенат минералды тыңайтқыш зауытын салуды қолдады. Жобаны Қазақстан мен Ресей бірлесіп жүзеге асырады. Кен орны Жамбыл облысында орналасқан. Бүгінде фосфаттың 75 млн тонна қоры бар. 50 жылға жетеді. Өнім «жасыл» технология әдісімен алынады. Осылайша жылына 1 млн тоннадан аса омоний-фосфаты тыңайтқышы игеріледі.
Бұған дейін өнім импортталып келсе, енді экспорттау мұраты тұр. Бұл агро салаға таптырмас өнім. Сондай-ақ қалдығы да кәдеге жаратылады. Яғни, гипсі цементке, ал кальций хлориді қыстыгүні жол тазалауға пайдаланылмақ. Құжатқа сай ресейлік компания 1 млрд доллардан аса инвестиция салады. 80 пайыз қазақстандық кадрлар жұмыс істейді. Құрылыс 2024 жылы аяқталуы керек.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
Биыл Парламент 104 заң қабылдады. Қабылданған заңдар еліміздің саяси әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуын көздейді. Осы ретте депутаттардың заң шығаруға бастамашы болу белсенділігін ерекше атап өткім келеді. Биыл қабылданған әр төртінші заңға Парламент депутаттары бастамашы болды.