ДДСҰ: «Дельта» мен «омикрон» «цунами» тудыруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ: «Дельта» мен «омикрон» «цунами» тудыруы мүмкін

30.12.2021

«Дельта» мен «омикрон» нұсқалары коронавирусты жұқтыру оқиғаларының қауіпті «цунамиін» тудыруы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус осылай деп ескертті. Айтуынша, жаңа штамдарға байланысты науқастар мен өлім-жітім саны арта түскен.

Францияда көшеде маска тағып жүру міндеттелді

Қазір әлемде күн сайын 900 мыңдай ковид жұқтыру оқиғасы тіркеліп отыр. Соңғы уақытта Еуропаның бірқатар елінде індетке шалдығу күрт артты.

Мысалы, Францияда екі күн қатарынан ковид жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 208 мыңнан асып отыр. Осыған орай Париж көшелерінде желтоқсанның 31-нен бастап маска тағып жүру міндеттелді. Ережені бұзғандар 135 еуро көлемінде айыппұл төлейді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу