Түркістан облысында жыл басынан бері 80-ге тарта заңсыз ойынхана жұмысы әшкере болды. Олар үйлердің жертөлелері мен кәсіпкерлік нысандарынан жасырын ойын залдарын ашып алған.
Мұндай нысандар өңірдің барлық аудан-қалаларынан табылып отыр. Рейдтік шаралар барысында 78 нысанның қызметі тоқтатылды. 55 қылмыстық іс қозғалып, 50-і сотқа жолданды. Қалғандары тергеліп жатыр. Сондай-ақ, ұйымдасқан қылмыстық топтың 4 мүшесі сотталды.
Бақыт Қайшыбеков, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы:
Жетісай ауданында төрт азамат бірнеше ойын залдарын ұйымдастырған. Бүгінгі таңда екі азамат іздеуде. Қалғандары 6-7 жыл аралығында сотталып жатыр.