Қазақстанда 431 млрд теңгеге шетел валютасы сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 431 млрд теңгеге шетел валютасы сатылды

29.12.2021

Қазақстанда 431 млрд теңгеге шетел валютасы сатылды. Өткен айлармен салыстырғанда қарашада шетел валютасын сатып алушылар 1,5 есеге өскен. Ұлттық банк өкілдерінің айтуына қарай, әсіресе доллар саудасы қызып тұр. Халық 295 млрд теңгені АҚШ ақшасына, 88 млрд теңгені рубльге, 46 млрд теңгені еуроға айырбастаған. Өткен айда доллар 427-434 теңге аралығында құбылды. ВИЗАРТ Ал бүгін KASE-де теңгенің долларға шаққандағы бағамы тағы көтерілді. Шетел валютасы 64 тиынға нығайып, 431 теңге 84 тиынға теңесті. Ақша айырбастау орындарында 434-436 теңгеден сатылып жатыр.


Хабарламаларға жазылу