Комиссия балабақшаларды тексеретін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Комиссия балабақшаларды тексеретін болды

29.12.2021

Алматыдағы жаға ұстатарлық жағдайдан соң барлық балабақша тексеріледі. Балаларды ұрып-соғу, артынша тәрбиешінің өз-өзіне қол салуы комиссия құруға негіз болды. Мектепке дейінгі мекемелердің дені әкімдіктерге қарасты. Бірақ, келеңсіз жәйт көбіне жеке меншік ұйымдарда тіркеледі. Дегенмен кімге тиесілі екеніне қарамастан қауіпсіздік 100% сақталуы керек. Ал, биыл қыркүйекке дейін балабақшаларға мемлекеттік бақылау мүлдем жүргізілмеген. Лицензия мен аттестациядан босатылған, тек ескерту хатпен ғана ашыла береді. Осы олқылықтар заң жүзінде енді ғана реттеле бастады. Көрсеткіш көңіл көншітпейді. Тексерілген әлеуметтік нысандардың 80%-ы талапқа сай емес. Сала министрлігі балабақшалардың мемлекеттік тапсырыс алу ережелерін күшейтпек. Тәрбиешілердің біліктілігіне қатысты да жоғары міндеттер жүктеледі. Балабақшалардағы әр бөлме бейне бақылау камераларымен қамтамасыз етілуі қажет. Комиссия жұмысын Алматыда аяқтаған соң, басқа өңірлерді де бақылауға алады.


Хабарламаларға жазылу