Бразилияның 116 қаласында төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияның 116 қаласында төтенше жағдай жарияланды

29.12.2021

Бразияның 116 қаласында төтенше жағдай жарияланды. Бұған қарашаның соңынан бері елдің солтүстік-шығысында толастамаған жаңбыр мен алапат тасқын себепші.

Соңғы мәліметке қарағанда, Баия штатының өзінде 470 мыңнан астам адам су апатынан зардап шегіп, 21 тұрғын қаза тапқан. Сонымен қатар, 50 шақты қалада үйлер мен кәсіпорындар суға кетіп, 50 мыңдай адам эвакуацияланды.

Бразилияның Табиғи апаттарды ескерту және бақылау орталығының дерегінше, бұл аймақта соңғы 32 жылда жаңбыр мұнша көп жаумаға екен.

Баия губернаторы Руи Коста штатта қалыптасқан жағдайды «бомбалау» операциясының зардабына теңеп, кейбір қалаларда коронавирусқа қарсы вакциналардың жоғалып кеткенін мәлімдеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу