Вирус қаупіне байланысты Дубайда әлемдік ЭКСПО жабылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вирус қаупіне байланысты Дубайда әлемдік ЭКСПО жабылуы мүмкін

29.12.2021

Біріккен Араб Әмірліктерінде коронавирус қайта өрши бастағандықтан, Дубайда өтіп жатқан Әлемдік ЭКСПО жабылуы мүмкін. Мұны осы көрмені ұйымдастырушылар мәлімдеп отыр.

Олардың сөзінше, штат қызметкерлерінің вирусқа шалдығуы жәрмеңкенің кейбір бөлігін тазалау және санитарлық жұмыстары үшін жабуға мәжбүрлеуі ықтимал.

Айта кетсек, EXPO-2020 пандемияға байланысты мерзімінен бір жыл кешігіп, биыл қазан айында ашылды. Қазір Әмірліктерде қысқы туризм қызып тұрғандықтан, ұлттық павильондар, ресторандар, дүкендер орналасқан бұл көрмеге кейінгі кездері миллиондаған саяхатшы барған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу