Ақтөбеде екі ауылдан малды сыртқа шығаруға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде екі ауылдан малды сыртқа шығаруға тыйым салынды

29.12.2021

Ақтөбе облысындағы екі ауылдан ірі қара малды сыртқа шығаруға тыйым салынды. Хромтау ауданының Қопа елдімекеніндегі сиырлар ринотрахеит ауруына шалдыққан.

Малдан алынған сынаманы тексерген республикалық зертхана осындай қорытынды жасап отыр. Қопадан бөлек Тамды ауылында да сиырлардың аузынан сілекей ағып, жүре алмай қалған.

Енді ауыл әкімдері малды елдімекен аумағынан шығаруға тыйым салуы тиіс. Ол шектеу бір айға созылады. Сондай-ақ барлық сиырға екпе салынып, қораларға заралсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.


Хабарламаларға жазылу