Ресей президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты келер жылдың басында өз еліне сапармен келуге шақырды. Ол бұл ұсынысты екіжақты кездесуде айтты. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Білім саласындағы келісімнің маңызы зор. Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу қажет. Әсіресе техникалық мамандар даярлау керек.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:
Сіз қазір қозғап отырған мәселелер өте өзекті дер едім. Білім саласы, энергетика, цифрландыру маңызды мәселелер. Сондықтан да ендігі жылдың басында уақыт тауып келіп жатсаңыз, жақсы болар еді.