Елорда тұрғыны итті талап тастаған жыртқыш аңды видеоға түсіріп алды. Оның айтуынша «Депутаттар қалашығы» маңын торуылдап жүрген аң қасқыр болуы мүмкін. Панфилов көшесіне шақыртумен келген полицейлер жабайы жыртқышты байқап қалған.
Алайда қасқыр өздеріне қарай жүгірген соң тәртіп сақшылары оны табельді қарумен атып тастаған. Алайда мән-жайды анықтауға кіріскен ветеринарлар оның қаңғыбас ит екенін мәлімдеді. Олар иттердің өлекселерін арнайы техникамен алып кеткен.