Атом электр станциясының құрылысы бірнеше жылға созылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атом электр станциясының құрылысы бірнеше жылға созылуы мүмкін

28.12.2021

Баламалы қуат көздеріне деген қажеттілік алдағы уақытта көмірден толықтай бас тартуға әкелуі ықтимал. Бұл туралы Энергетика министрінің қатысумен өткен брифингте айтылды. Журналистерден әсіресе атом электр станциясын салу, маңызды нысанның жергілікті тұрғындарға әсері жайында сауалдар көптеп түсті. Сала басшысы атом электр станциясы құрылысы бір жыл емес, ондаған жылдарға созылатын қомақты жоба екенін атап өтті. Оған екі локация таңдалуы мүмкін.

Алматы облысындағы Үлкен ауылы немесе шығыстағы Курчатов қаласы. Әлем бойынша алты мемлекет қана мұндай күрделі құрылысты жүргізуге қауқарлы. Алайда серіктестің кім екені әзір анықталған жоқ. Бүгінде көмірден бүкіл әлем бас тартып жатқаны белгілі. Осы тұста АЭС салу ең тиімді шешім болып тұр. Істен шығып жатқан жылу қазандықтарын жаңарту да уақыт өткен сайын күрделеніп барады.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:

Әлі сондай технологиялар көп емес және де өте қымбат. Баламалы электр энергиясының күн немесе жел стансаларының электрэнергиясын сақтап, кейін түнде соны желге тарату. Бұл технологиялар енді ғана дамып келе жатыр. Болашақта дамитын болса, оны да салуға болады деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу