5 қаңтардан бастап «Ashyq»-та статусы «көк» адамдарға ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, банк, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпочта» бөлімшелеріне кіруге тыйым салынуы мүмкін. Сондай-ақ, тізімде караоке, бассейн, монша және спорт орталықтары да бар.
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев айтты. Жаңа шектеуді 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынды.
«Вакцина салу, жаппай ревакцинация жасауды арттыру және эпидемияға қарсы іс-шаралар елдегі жағдайдың нашарлауына жол бермейді», - деді Жандос Бүркітбаев.