Атырауда қалалық әкімдік ғимаратының алдында көлік жарыстырғандар жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда қалалық әкімдік ғимаратының алдында көлік жарыстырғандар жазаланды

28.12.2021

Атырауда қалалық әкімдік ғимаратының алдында көлікпен қауіпті дрифт жасаған 6 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Оқиға түнде болды. Заң бұзғандар бақылау камерасына түсіп қалған. Онда жүргізушілердің темір тұлпармен айналып, ерсілі-қарсылы жүргені көрінеді. 3 автокөлік айыптұраққа қойылды. Иелеріне айыппұл салынды. Осыған ұқсас жағдай кейін тағы екі рет қайталанған. Кінәлілер заңға сай жазаланды.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу