Сирияда зымыран шабуылынан қойма өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда зымыран шабуылынан қойма өртенді

28.12.2021

Сирияның Латакия портындағы контейнер қоймасы Израильдің зымыран шабуылынан соң отқа оранды. Мұны елдің бұқаралық құралдары мәлімдеді. Одан жақын маңдағы ауруханаға, тұрғын үйлер мен дүкендерге зақым келген.

Қазір өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр. Оқиға орнында жедел жәрдем көліктері тұр. «Рейтердің» хабарлауынша, соңғы кездері Израиль Сириядағы Иранның нысандарына шабуылдарды жиілете түскен.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу