100-атқыштар бригадасының құрылғанына 80 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

100-атқыштар бригадасының құрылғанына 80 жыл

27.12.2021

Ер есімі - ел есінде! Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан 100-інші жеке атқыштар бригадасының құрылғанына 80 жыл толып отыр. Алматы қаласында жасақталған бригада «Марс операциясы», Ржев қаласы түбіндегі «Великими лучами» және Невель шайқастарына қатысып, жауға тегеурінді қарсылық көрсетті. Олардың қатарында есімі елге белгілі тұлғалар аз емес еді.

100- жеке атқыштар бригадасы 1941 жылы 20 желтоқсанда Алматы қаласында жасақталды. Құрамында өз қалауымен әскерге алынғандар да болды. Солардың біріқазақтың қайсар қызы Мәншүк Мәметова. Жас пулеметші небәрі 21 жасында Невель шайқасында жау қолынан қаза тапты.

Ржев түбіндегі шайқасқа қатысқандардың бірі мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаевтың ағасы Қасым Болтаев. 100-інші жеке атқыштар бригадасының құрамында семейлік Зәкен Тәкежбаев та болған. Батырдың қызы Нәйля Тәкежбаева атқыштар бригадасының ерлігі жайлы кітап жазды.

Әсел Оразалинова, кітап авторының туысы:

«2022 жылдың 22 ақпанында Қасым Болтаевтың өмірден өткеніне 80 жыл толады. Ол кісі Ржев қаласының маңындағы жауынгерлер зиратында жерленген.Соғыста кітаптың авторы Нәйлі Зәкенқызының әкесі Зәкен Тәкежбаевтың ауыр жараланғаны жазылған.

Ржев майданы туралы жазған қаламгер аса көп емес.Солардың бірі ақтөбелік Ғалымжан Байдербес. Ол ғұмырының көп бөлігін қазақтың қос шынары – Әлия мен Мәншүктің өмір жолын зерттеуге арнаған.Сондай-ақ, 100-інші және онымен бір уақытта Ақтөбеде жасақталған 101-інші атқыштар бригадасы туралы арнайы кітап та жазды. Қаламгер екінші дүниежүзілік соғыс тарихының әлі ашылмаған тұстары баршылық дейді.

Ғалымжан Байдербес, «Қос шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

«Жеңіске бастаған 39 үлкен операция болған. Солардың ішінде ең қасіретті, азапты, 100-інші,101-інші бригада. Сталинградская битвада 1 млн 600 мың адам қайтыс болса,Ржевте екі млннан аса адам қайтыс болған».

Қаһарман бригада құрамында қазақтың данқты перзенттері Сақтаған Бәйішев,Әзілхан Нұршайықовтар да болды. Ал, кеңес одағының батырлары Мәншүк Мәметова, Ибраим Сүлейменовтер Невельшайқасында қаза тапты. «Марс» операциясы деп аталған шайқаста Қазақстанда жасақталған100-інші және 101 атқыштар бригадасы өзінен әлдеқайда күші басым жаумен соғысып, зор шығынға ұшыраған. Осы ұрыста қазақстандық жауынгерлердің 80 пайызы қаза тапқан. 2010 жылы Ақтөбе облысы бюджеті есебінен Ржев қаласында жауынгерлердің рухына арналып, мемориалдық кешен салынды.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу