Алматыда 2 жасөспірім тоқтап тұрған пойыз вагонының үстінде видео түсіреміз деп тоққа түсті. Біреуі сол жерде қаза тапты, ал екіншісі қазір ауруханада жатыр. Жағдайы туралы әзірге мәлімет жоқ. Тура осындай қайғылы оқиға бірер күн бұрын Таразда болған.
15 жастағы жеткіншек суретке түсу үшін вагон үстіне шыққанда оны электр тоғы соғып, сол жерде көз жұмды. Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желілер арқылы тарады. Онда вагонның үстінде жансыз жатқан адамның денесі көрініп тұр. Мамандар вагонның төбесімен жүру аса қауіпті екенін ескертеді. Өйткені вагондардың үстінде қуаты 27 мың вольттық электр сымдары тартылған. Ол сымдарды ұстаған былай тұрсын, жақындаған адамды сұлатып түсіреді.