Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

27.12.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады. Серік Шәпкенов биылғы жұмыс қортытындысы туралы есеп берді. Жаңа жылдан бастап төменгі жалақы 60 мың теңгеге жетеді. 591 мыңдай азаматтық қызметкердің жалақысы өседі. Министр жұмыссыздықпен күрес, еңбекпен қамту орталықтарын цифрландыру туралы да айтты. Енді министрлік 4 бағытқа басымдық бермек. Ол әлеуметтік кодексті әзірлеу, зейнетақы жүйесін жаңғырту, кәсіби біліктілікті арттыру туралы заң жобасы мен көші-қон саясаты тұжырымдамасының жобасын дайындау туралы құжаттар. 

Хабарламаларға жазылу