Президенттік жастар кадрлық резервке 50 адам өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттік жастар кадрлық резервке 50 адам өтті

27.12.2021

Президенттік жастар кадрлық резервіне тағы 50 адам өтті. Жобаға қатысу үшін 8638 адам өтінім берген. Жұмысты ашық және жылдам ұйымдастыру үшін цифрлы технологиялар қолданылып, бүкіл өңірлерден азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалды. Бірнеше іріктеу кезеңінен өтіп, жеңімпаз атанғандардың 18-і жеке секторда жұмыс істейді. 13 адам квазимемлекеттік ұйымдарда еңбек етеді. Ал 19-ы мемқызметкер. Іріктелген жастар мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапты қызметтерге тағайындалады. Басты мақсат - білікті басшылардың жаңа буынын қалыптастыру. Ал мемлекеттік қызметкерлер арасында болып жатқан қысқартудың Президенттік жастар кадрлық резервіне өткендерге қатысы жоқ.

Анар Жайылғанова, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы:

Жаңағы біздің 50 адамға оның ешқандай әсері болмайды. Олар жұмысқа қабылданатын болады. Себебі олар үздіктер, жұмыс істей алады. Ер адамдар айтты, менің өңірлік тәжірбием аз, қайда жіберсеңіздер, сонда барып істеймін деді. Сондықтан олар өтті.


Хабарламаларға жазылу