Ақтауда 2,5 миллион теңгенің әткеншегі қирап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 2,5 миллион теңгенің әткеншегі қирап қалды

27.12.2021

Ақтауда 2,5 млн теңгенің су жаңа әткеншегін қиратқандар іздестірілуде. «Заманауи ағаш үй» мен әткеншектер «Ынтымақ» алаңында жуырда ғана бой көтерген болатын. Нысан бюджет қаржысына салынды. Бірақ әлі әкімдіктің қарамағына өтпеген. Сондықтан сынған әткеншекті мердігер мекеме жөндейтін болды. Ақтаулықтар бұған дейін де 5 жарым млн теңгенің әткеншегін 10 күнге жеткізбей қиратып тастаған еді.

Айбек Ербөлеков, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

Ол нысанның барлығы бюджет есебінен салынып, жауапкершілікке тартылатын болады. Қазіргі таңда полиция басқармасы тиісті тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргіземіз. Анықтаймыз, әкімшілік айыппұл тағылатын болады.


Хабарламаларға жазылу