Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Күзгі іңір» спектаклінің тұсаукесері өтті.
Жаңа қойылымды сахналау үшін жас режиссер, Қырғызстан мәдениетінің үздігі Ұланмырза Қарыпбаев Қаллеки театрына арнайы шақыртылды. Айвон Менчеллдің «Күзі іңір» трагикомедиясын қазақ тіліне актер, аудармашы Нартай Сауданбекұлы аударды.
Қуандық Қыстықбаев, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері:
Осы спектакльде Ұланды шақырғанда бірден аға буын, әсіресе апаларымызды қатыстырсақ, соған ыңғайлы пьесса бар ма деп сұрадым. Содан осы қойылымды ұсынғанда «жерден жеті қоян тапқандай» болдық. Бірден қуандым да, пьессаны аударуға көштік.