«Омикронның» жылдам тарауына байланысты әлемде мыңдаған ұшақ рейсі тоқтатылды. Ондаған мың жолаушы діттеген жеріне жете алмай отыр. Батыс елдерінде өткен жұмадан бері 8 мыңдай ұшақ көкке көтерілген жоқ.
Ұшақ рейстерінің тоқтауы әсіресе америкалықтарды жолынан қалдырған. Жексенбінің өзінде мұнда 2 мыңнан аса әуе кемесі көкке көтерілген жоқ. Әуе компаниялары экипаж мүшелерінің жаппай науқастануынан қауіптінеді.
Олардың ковид жұқтырғандармен байланыста болуына жол бере алмаймыз деген басшылық осындай шараға баруға мәжбүр. Әуежайлардың жұмысындағы ауытқулар осы аптада да жалғасуы мүмкін.