Қазақстанда 80 мыңдай жасөспірім екпенің екі дозасын да салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 80 мыңдай жасөспірім екпенің екі дозасын да салдырды

27.12.2021

Қазақстанда 80 мыңнан астам жасөспірім коронавирусқа қарсы «Pfizer» екпесінің екі дозасын да салдырды. Вакцинаны толық алған жүкті әйелдердің саны 5 мыңнан асса, емізулі аналар тізімі 13 мыңға жетті.

Еліміздегі эпиджағдай тұрақты. Кеше 342 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Бір қуантарлығы, «қызыл» аймақта бір де бір өңір жоқ. «Сары» тізімде елордамен қоса Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Ал қалған аймақтарда ахуал жақсарды, «жасыл» статусқа ие.


Хабарламаларға жазылу