«Qazaqstan дауысы» жобасының 2021 жылғы жеңімпазы – Құралай Мейрамбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan дауысы» жобасының 2021 жылғы жеңімпазы – Құралай Мейрамбек

25.12.2021
«Qazaqstan дауысы» жобасының 2021 жылғы жеңімпазы – Құралай Мейрамбек

«Qazaqstan» телеарнасында маусым бойы көрерменнің көзайымына айналған «Qazaqstan дауысы» жобасы аяқталды. Үздіктердің үздігі іріктелген жобаның соңғы шығарылымында финалистер тікелей эфирде 2 ән шырқады.

Әр үміткер бір әнді жеке, бірін тәлімгерлерімен бірге орындап шықты. Яғни ақтық сында тәлімгерлер де бір-бірімен бәсекеге түсті. Ал жобаның жеңімпазы көрерменнің дауысы арқылы анықталды.

SMS-дауыс беру нәтижесі бойынша:

1-орын – Құралай Мейрамбек

2-орын – Ерік Төленов

3-орын – Ернар Амандық

4-орын – Аружан Айдарбек иеленді.

Сәкен Майғазиевтің шәкірті «Qazaqstan дауысы» жобасының 2021 жылғы жеңімпазы атанып, 5 миллион теңге иеленді. Сонымен бірге «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Құралайдың өнеріне әрі қарай қолдау білдіреді. Осылайша жарты жылға жуық көрерменін қуантқан бағдарлама өз мәресіне жетті.

«Qazaqstan дауысы» - әлемнің 140 елінде көрсетілген әйгілі «The Voice» телешоуының қазақстандық нұсқасы. Музыкалық бағдарлама көрерменге жарты жыл бойы ұсынылып, рейтинг бойынша көш бастап келді. Жобаға ұзын-саны 6 мыңнан аса адам қатысты. Оның ішінде өзге мемлекеттен арнайы келген таланттар да болды.

Жалпы, «Көрмей таңдау» кезеңіне 100 шақты үміткер өтті. Одан соң қатысушылар «Жекпе-жек», «Жарға жығу», тікелей эфирдегі кезеңдерінде бақ сынап, финалға 4 тәлімгердің 4 үздік шәкірті жолдама алды.

Еліміздің жаңа дауысын анықтауға атсалысқан барша көрерменге алғыс білдіреміз.


Qazaqstan дауысы Құралай Мейрамбек Ерік Төленов Ернар Амандық Аружан Айдарбек

Хабарламаларға жазылу