Семейде жаңадан көпір салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде жаңадан көпір салынады

24.12.2021

Cемейде апатты жағдайда тұрған ескі көпірдің орнына келер жылы жаңа өткел салынады. Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді. Ол үшін 30 миллиардтан астам қаржы бөлінеді. Қазір жоба сараптамадан өтіп жатыр. Қолданыста тұрған өткел 57 жыл бұрын пайдалануға берілген.

Апатты жағдайда деп танылғалы бірнеше жыл болды. Әбден тозған көпірдің жақтаулары мен бетондары шіріп, бірнеше рет көлік де құлап кеткен. Одан бөлек 20 жыл бұрын салынған аспалы көпірдің де жағдайы белгісіз. Ол техникалық тексеруден мүлдем өтпеген. Енді өткелге жазда жапондық мамандар сараптама жасамақ.

Бақытжан Баяхметов, Семей қаласының әкімі:

Көпір құрлысы келесі жылы басталады. Қомақты қаржы бөлінбек. Ал ескі көпір бұзылмайды. Ол болашақта жаяу жүргіншілер өткелі ретінде қолданыста қала береді. Осы уақытқа дейін бір рет те техникалық тексеруден өтпеген аспалы көпірдің  ақауын анықтаймыз.


Хабарламаларға жазылу