Елге оралған қандастарға құжат жинау екі есе жеңілдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елге оралған қандастарға құжат жинау екі есе жеңілдеді

24.12.2021

Еліміздің барлық өңірінде қандастарды ақпараттық қолдау офистері ашылды. Байланыс орталықтарына бес мыңнан астам сұрақ түсіп, мамандар оған жауап берді. Бұл жайында «отандастар қоры» қоғамының вице-президенті есептік қорытынды жиында мәлімдеді. Бүгінде шетелдерде тұратын қандастарға арналған «Абай үйі» өкілдігінің алты орталығы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, биыл алғаш рет қазақ тілді ақпарат құралдарының қауымдастығы құрылды. Аталған ұйым өзге мемлекетте өмір сүріп жатқан қазақтардың елдегі жаңалықтармен танысып отыруына мүмкіндік береді. Тағы бір жағымды хабар- елге қоныс аударғысы келетін қандастарға құжат жинау екі еседей жеңілдеді.

Мағауия Сарбасов, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті:

Құжаттар тізімі үш есеге қысқарды, 46-дан 16 түсірілді. Оның барлығы бір терезе қағидатымен қызмет көрсетіп жатыр. Яғни, бұрын келген бауырларымыз 7 мекемені араласа, қазір бір жерден құжаттарды рәсімдеу құқығына ие.


Хабарламаларға жазылу