Елімізге Біріккен Араб Әмірлігінен 6 млрд теңге инвестиция тартуға мүмкіндік бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге Біріккен Араб Әмірлігінен 6 млрд теңге инвестиция тартуға мүмкіндік бар

23.12.2021

Біріккен Араб Әмірлігінен 6 млрд теңге инвестиция тартуға мүмкіндік бар. Бұл екі ел үкіметінің ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы бірлескен декларациясы негізінде іске аспақ. Бүгін заң жобасын талқылау бойынша Мәжілісте жиын өтті. Құжатты ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров таныстырды. Шетел қаржысына энергетика, көлік-логистика, қаржы, ауыл шаруашылығы және фармацевтика салалары таңдап алынған. Мысалы, 50 млн долларға ұсақ мал өсіретін ферма құру. Соның аясында жыл сайын 8 мың тонна қой етін өндіру көзделген. Тауардың басым бөлігін араб елдеріне экспорттау жоспарланып отыр. 24 көтерме-тарату сауда орталығы желісін дамыту да басты назарда. Аталған декларацияны ратификациялау бойынша әлі де пысықтайтын түйткілдер бар. Сондықтан талқылау жалғасады.


Хабарламаларға жазылу