Алматы облысында су электр станциясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында су электр станциясы ашылды

23.12.2021

Қазақстан-Қытай шекарасындағы Қорғас өзенінде су электр станциясы қолданысқа берілді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып ашылған нысан жылына 10 млн киловатқа жуық электр қуатын өндіреді.

Бұл су электр станциясының құрылысы 2014 тоқтап қалған болатын. «ҚазСуШар»  мекемесі Алматы филиалы жобаны қолға алып, жұмысын жандандырды. Дәл осындай әдіспен қуат өндіретін кәсіпорын Армения елінде салынған. Сондықтан мамандар сол елде оқытылып, тәжірибе алмасып келді. Жоспар бойынша 26 адам жұмыспен қамтылуы керек. Қазірдің өзінде 15 адам қызмет ете бастады. Екі мемлекеттің қақ ортасында орналасқан су электр станциясы осы өңірдегі энергия тапшылығын азайтуға өз үлесін қосады, дейді мамандар.

Саят Құдайбергенов, «ҚазСуШар» ММ Алматы филиалының басшысы:

Қазір Қазақстанда энергия жетіспейді ғой, өздеріңіз білесіздер. Энергияның киловаты да қымбат. Кезінде бюджетке салынған объекті. Ал бір жағынан дефицитті жауып отырмыз деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу