Елордада қазақ тілінде Disney-дің лицензияланған киноконцерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қазақ тілінде Disney-дің лицензияланған киноконцерті өтті

23.12.2021

«Жұлдыздар шеруі». Осындай атаумен елордада қазақ тілінде Disney-дің лицензияланған киноконцерті өтті. Бағдарламада «Болашақ» қорының бастамасымен мемлекеттік тілге дубляждалған әйгілі кинокартиналардың композициялары ұсынылды. «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі Бауыржан Байбек, жиналғандарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтай отырып, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Болашақ» стипендиясының арқасында мыңдаған қазақстандық жастардың әлемнің жетекші оқу орындарында білім алуға қолы жеткенін атап өтті. 2011 жылы бағдарлама түлектері қор құрды. Ол қайырымдылық және білім бағдарламаларын дамытумен қатар, мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтуді мақсат тұтқаны белгілі.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

Біз 10 жыл бұрын «Болашақ» қайырымдылық қорын құрдық. Көп жұмыстар атқарылды. Ең бастысы 38 блогбастерлер голливудтық қазақ тіліне аударылды тікелей ағылшын тілінен. Елбасымыз айтқандай, қазақ тілінде сапалы халықаралық деңгейдегі контентті жастарымызға ұсынып отырмыз. Бұл - Тәуелсіздігіміздің үлкен жетістігі.


Хабарламаларға жазылу