ДДСҰ балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуды құптамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуды құптамайды

23.12.2021

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балалар мен жасөспірімдерге жаппай екпе салуға қарсы пікір білдірді. Себебі бұл жас мөлшеріндегілер арасында ауруды ауыр дәрежеде өткізгендер өте аз. Оның үстіне бірқатар елдерде ауруға бейім тұрғындарға да екпе салынбаған. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейсус Женевада өткен брифингте әлем бойынша екпе барлық елге тең үлестірілмеген мәлімдеді. Оның сөзінше ұйымға мүше елдердің жартысына жуығы халықтың 40 пайызына ғана екпе салған.

Арай Төлегенқызы


бельгия вакцина

Хабарламаларға жазылу