Шығыс халықтары Ұлыстың ұлы күні мерекесін тойлауды бастап та кетті.
Бұл айда өкпе-реніш ұмытылып, ағайын бір-біріне құшақ жайып, емен-жарқын табысады. Ұлық мереке қарсаңында Түркияның халық биі ансамблі елімізді арнайы құттықтады.
Әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүрген ансамбль халыққа «Халай», «Бурдун», «Карадениз», «Зейбек» атты билерін ұсынды.
Ерекше мәнерімен көзге түсетін қойылымдар бір жыл көлемінде дайындалған.
Түрік халқының ұлттық билері туралы қызықты сюжетті «Таңшолпаннан» көре аласыздар.