Коронавирусқа шалдыққандардың саны күн сайын артып барады. Өткен тәулікте қауіпті індет 477 адамнан анықталды. Бұған дейін 416 науқас тіркелген еді. Кеше ғана карантин талаптары жеңілдетілген бас қала қайта «сары» аймақта.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сай «қызыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ. Ал «сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен бірге қазір Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
«Жасыл» аймақта - Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.