Ақтауда 400-ге жуық үлескерді тақырға отырғызған құрылыс компаниясының басшысы 10 жылға бас бостандығынан айрылды. «Тастемір LTD» серіктестігінің директоры осыдан 2 жыл бұрын құзырлы органдардың рұқсатынсыз бірнеше тұрғын үй кешенін салу жөнінде жарнама беріп, үлескерлермен заңсыз келісімшарт жасаған.
Жұрттың сеніміне кіріп, олардан 1 млрд 812 млн теңгеден астам қаражат жинап алған. Бірақ құрылыс аяқсыз қалды. Ақтау қалалық сотында компания директорының алаяқтығы дәлелденді. Ал зардап шеккендерге 423 млн теңге көлемінде шығын өтелді.