«Астана процесінің» 17-раунды аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана процесінің» 17-раунды аяқталды

22.12.2021

Шам еліндегі содырлардан азат етілген аймақтарда азық-түлік тапшы. Халықты жұмыспен, тиісті медициналық көмекпен қамтуға пандемия кесірін тигізіп отыр. Тұтқынға алынған әскерилер мен босқындар бойынша келіссөздер нәтиже бермеді. Аймақта «Хейат Тахрир Аш-Шам» терроршылар ұйымының ықпалы артып барады. Осы орайда ұйымның бірлескен күштері дер кезінде басқыншылыққа төтеп беруі қажет. Астанада өткен Сирия мәселелері бойынша 17-ші халықаралық кездесуде оппозиция өкілдері осылай деді. Жиынға Ресей, Түркия, Иран және БҰҰ мүшелері қатысты. Израильдің Сирияға шабуылдары жалғасып жатқанын сынға алып, әскери әрекеттерді тоқтатуды талап етті. Ел азаматтарына гуманитарлық көмекті саяси ұстанымы мен көзқарастарына қарамай бөлу туралы айтылды. Тараптар көтерілген мәселелер бойынша тиісті құжат әзірлейді. Жұмыстардың атқарылуы бойынша нәтижені келер жылдың алғашқы маусымына белгіленген Астана процесінің 18-ші кездесуінде талқылауға уағдаласты.

 Оңталап Оңалбаев, ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры:

Бұл процесс Сирия, Араб республикасының аумағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуда айтарлықтай жетістікке жетті. Сонымен қатар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана процесі қарулы қақтығыстардың тоқтатылуы мен босқындардың өз еліне қайтуына қолайлы жағдай жасап, тараптардың қолжеткізген уағдаластықтарының маңыздылығын атап өтті. Нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласында өткен 17-ші раунды осы жүйелі жұмыстың жалғасы болды деп нық сеніммен айтуға болады.


Хабарламаларға жазылу