Португалия тұрғыны Франциско Люфинга Атлант мұхитын батпырауықтың күшімен жүзіп өтті. Оның қайығын әуе жыланы 6400 шақырым сүйреген.
Соның нәтижесінде қарашаның 3-де Португалияда жолға шыққан 38 жастағы азамат кеше Кариб теңізіндегі Мартиника аралының жағалауына аман-есен жетті. Дегенмен, Франциско қатты жел соққандықтан, 22 күн бойы Канар аралдарына аялдауға мәжбүр болыпты.
Оның ендігі арманы – батпырауық қайықпен Атлантиканы ең жылдам жүзіп өткен бірінші адам ретінде Гиннестің әлемдік рекордтар кітабына ену.
Арыстан Рысбек