Алматы облысындағы Қызылағаш су қоймасы пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы Қызылағаш су қоймасы пайдалануға берілді

22.12.2021

Қызылағаш су қоймасы пайдалануға берілді. Алматы облысындағы Қызылағаш су қоймасы пайдалануға берілді. Нысанды қайта жаңғырту үшін 5 жыл уақыт кетті, 5,6 млрд теңге қаражат жұмсалды. Бөгет барлық талапқа сай етіп салынған. Автоматтандырылған жүйе су көлемін қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Қазір қоймада 20 млн текше метр су жиналған. Ал жалпы сыйымдылығы 42 млн текше метр. Мұндай су көлемімен 5 мың гектардан астам алқапты суаруға болады.

Бірақ ол үшін егістіктер ылғал үнемдеу технологиясына көшу керек. Ал қазір небәрі 1,4 мың гектари алқап қана суарылуда. Суару жүйесін жаңарту үшін жергілікті билік 8,9 млрд теңге қаражат қажет деп, Үкіметке сұрау салмақ.

Серік Қожаниязов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:

Қазір әкімдік те ұсыныс жасады. ПСД-сын жасады. Ары қарай бізге министрлікке құжаттарды өткізеді. Біз  Минфиннен қаржы сұраймыз. Жалпы, халыққа, облыстың экономикасына қажет. Біз оны қолдауға дайынбыз. 

Хабарламаларға жазылу