ШҚО-да жолды күтіп ұстамағаны үшін 34 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың дені айыппұл арқалаған. Облыстық Полиция департаментінің жол қадағалау мамандары соңғы айларда 200-ден астам тексеру жүргізді. Нәтижесінде Өскеменде бір күннің ішінде қарды уақытында тазаламаған 5 мердігер ұйым анықталды. Семейде де мұндай фактілер жоқ емес. Жолды уақытында жөндеп, белгілерді орнатпағаны үшін 25 адамға айыппұл салынған.
Айдарбек Сағидолла, мемлекеттік автоинспектор:
Ұйғарымды орындамағаны үшін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесіндегі екі лауазымды тұлғаға айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы соммасы 741 мың 655 теңгені құрады.