Мәжіліс Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы құжатты мақұлдады. Аталған шарт былтыр қазан айында елордада жасалған. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бұл шарт сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұру мүддесінде Қазақстан мен Ресейдің әскери ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді. Жаңа құжатта бірлескен жауынгерлік даярлық, әскери-техникалық әріптестік пен кадр дайындау мәселесі де қамтылған.
Дарын Тұяқов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
Құжатты ратификациялау қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде өңірлік қауіпсіздікке төнетін сын-қатерге бірлесіп қарсы әрекет ету, халықаралық ұйым, мәдениет, спорт аясында өзара әрекеттесу және басқа бағыттарда әскери ынтымақтастық жасауға мүмкіндік береді.