Елордалық «Барыс» хоккей командасы Екатеринбургте өткен ойында жеңімпаз атанды. Юрий Михайлистің шәкірттері құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф кезеңінде «Автомобилист» командасымен күш сынасқан болатын. Қарсыластың қақпасына бірінші шайбаны 35-ші минутта «Барыстың» капитаны Роман Старченко салды. Үшінші таймда «Автомобилист» қақпашысын ойыншыға ауыстырған сәтте Линден Вей есепті 2:0-ге жеткізді. Осылайша 40 ұпай жинаған елордалық клуб Шығыс конференциясында жетінші орынға көтерілді. Енді олардың кезекті ойыны ертең Татарстанда өтеді. Қазан қаласында жергілікті «Ак Барс» командасымен күш сынасады.
Берік Көшербай